Ассалаумағалайкум құрметті де, ардақты Димаш ата!
Сіздің рухыңызға тағзым еткелі келдім. Кеше бүкіл еліміз болып, Сіздің 100 жылдық мерейтойыңызды атап өттік. Бұл мен үшін, бірақ қате айтпасам бүкіл қазақ халқы үшін де атаулы мереке болды. Және бола да береді. Үйдің төрінде мен ес білгелі сіздің суретіңіз ең маңызды жерде ілулі тұр. Сәби кезімде оған мән бермегеніме кешірм сұраймын. Қазіргі кезде жасым 17-де. Оң солымды танып, ес білгелі Дінмұхмед атының маңызы мен жүгін түсініп келемін. Сәби кезімде шәлкестік жасам анам сен өз атыңа лайықты болуың керек деп ескертетін. Менің есімім Дінмұхамед екеніне мақтанамын. Осы есімге лайықты болғым келеді. Ата – анам маған бір нәрсеге көңілі толмаған жағдайда Димаш деп еркелетпейді. Ол кезде мен Дінмұхамедпін. Себебі сен бұл есімді жоғары ұстауың керек дегендей болады. Ата, кішкентай ғана жеткен жетістігімді Сізге мақтан етіп айтайын деп едім. Ол 2011 жыл Грекия елінде өткен халықаралық олимпияда да алған жүлделі ІІІ орным. Димаш ата, Димаш балаңыз Алматы қаласындағы С.Ходжиков атындағы № 39 лицейдің 11 «А» сынып оқушысы. Жарқыраған Қазақстан елімнің көк байрағын биік шыңдарда желбірететін ұлың болуға тырсамын.
Сәлеммен Садық Дінмұхамед Жеңісұлы
Баланыс телефоны 8 777 203 14 13; 2 35 97 87; 8 775 119 88 13