Қазақша                       Русский                       English

  • Home
  • About Fund
  • Mass media about Fund
  • Museum of Kunaev
  • Projects
  • Contact us










ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ АТАМЫЗДЫҢ – АРДАҚТЫ АТЫ ҰРПАҒЫНЫҢ ЖАДЫНДА

There are no translations available.

Мен Баяманов Данияр Базарбайұлы кішкентай Дінмұхамедтің әкесімін. Анасы Ләйлә Қаракүшікқызы. Мен сіздерге атамыздың аты туралы, ұлымның атын не үшін Дінмұхамед қойғанымды қысқаша әңгіме етіп айтсам деймін. Мен бала кезімде, ардақты атамыздың есімін Қонаев дегенді әрқашан әке-шешенің азынан еститінмін.   Ол кезде мен  8 жастамын.  Жаңадан ес біліп келе жатқан кезім болса керек деп қазір ойлаймын. Әке-шешем сол кезде Қонаев  данышпан адам ғой, халқына жаны ашыйтын ұлы тұлға осындай болу керек деген сөздерді әрқашан ата-анамның айтуымен естігенде Қонаев деген кім? Аты барма? Әутеуір бәрі мақтап жатады ғой деп ойлап қоятынмын. Бір күні зейін қойып теледидардың алдында отырсам Конаев Динмухамед Ахметович  деген сөзді естідім. Ол кісіні теледидардан көрсетіп жатты. Ол кезде біздің үйде ВИТИЯЗ деген телевизор болатын.  А әке-шешем айтып жүрген жақсы атамыз осы екен ғой деп қарап қалдым. Ол кісінің бойының  ұзындығы, келбеттілігі, жүзіндегі мейірімділігі маған қатты әсер етті. Сол күні мен папама барып папа сіздер айтып жүрген  Қонаев деген кісі маған қатты ұнап қалды дедім. Папа түсінбей қандай Қонаев деді. Мен болсам мама екеуін әрқашан мақтап айтып отыратын Қонаевшы. А иә оған не болыпты деп, елең ете қалды. Ешнәрсе болған жоқ.

Әкеме кейін менің балам болса атын Дінмұхамед қояйықшы иә папа дедім. Әкем маған қарап балам бірінші мектеп бітіп, оқуға түс. Содан кейін уақыты келгенде әйел де аласың, балаңда болар деп күліп қойды. Сол күннен бастап атамыздың Дінмұхамед деген атты  менің жадымда қалды.  Міне, уақыт өтті. Мектеп бітіріп, оқуға түстім. Ләйла атты әдеміде, ақылды, парасатты қызбен үйленіп, жанұя құрдық. Жанұямыздың тұңғышы Нәзік атты қызымыз дүниеге келді. 5 жыл ортаға салып 2008 жылы көптен күткен Дінмұхаммед дүниеге келді. Сол кезде Дінмұхаммед дүниеге келердің алдында әкем маған балам ұл болса атын кім қойысың деп сұраған еді. Сонда  мен ойланып тұрғанымда әкем маған балам сен кішкене кезіңде балам болса атын Дінмұхаммед қояиықшы деп айтып едің ғой.  Дінмұхамед атасы сияқты мәдениетті, иманжүзді, ізетті, тағлымы терең, білімді, білікті адал перзент болсын. Атын Дінмұхамед қой деді. Ия әке бұл есім менің бала кезімнен бастап армандаған арманым. Ұл болса міндетті түрде атын Дінмұхамед қоямын дедім. Міне баламыздың Дінмұхамед аты туралы қысқаша әңгімем осы.

2012 жылдың 12 қантар күні әпкем Әлия қоңырау шалды. Бүгін Дінмұхамед атасының 100 жылдық туған күні соған байланысты акция болатынын айтты. Сол күні кішкентай Димашты алып, Дінмұхамед Қонаев атасының мұражайына барып гүл шоқтарын қойдық. Біздің Димашқа бір кісі келіп, атың кім балақай деп сұрады. Балам ол кісіге қарап, атым Дамаш деді. Сөйтсек ол мұражайдың директоры екен. Димашқа ол кісі өз қолымен  атасының мұражайынан естелікке бір кітапты сыйлады.

Сол күні атасының аруағына бағыштап құран оқып, мұражай алдында суретке түсіп қайттық. Дінмұхамед Қонаев атасының аруағы кішкентай Димаштың қолдаушысы, қорғаушысы болсын. Әумин.

әкесі: Баяманов Данияр Базарбайұлы

баласы: Базарбай Дінмұхамед Даниярұлының