Қазақша                       Русский                       English

  • Home
  • About Fund
  • Mass media about Fund
  • Museum of Kunaev
  • Projects
  • Contact us










Менің атым неге Дінмұхамед аталды.

There are no translations available.

Мен 1996 жылы қасиет қонып, бақ дарыған киелі Балхаш топырағында дүниеге келген Бақанас ауылының баласымын.

Мен үйдегі бірінші немере болғандықтан атам мен апамның баласы болып саналамын.

Марқұм атам Аманкелді Мұқанов жоғарғы оқу орнын бітіріп келген соң еңбек жолын туған ауылы Жиделіден бастап, осы аудан экономикасын көтеруге көп еңбек сіңірген ардақты азамат еді. Міне сол Аманкелді атам Балқаш ауданы Қарой совхозында 1988-1991 жылдары директор болып тұрғанда, халқымыздың мың жылда бір туар азаматы, жарты ғасыр ел басқарған, өз заманында елінің қамын, ертеңін ойлаған ұлы тұлға Димаш ата менің атамның шаңырағында болып дастарханынан дәм татқанын әркез мақтанышпен айтамыз.

Өнегелі де ғибратты сөздерімен және өте қарапайым, тек қана ұлы адамдарға ғана тән қасиетімен біздің әулеттің есінде қалды. Мен есімді білгелі біздің үйдің төрінде ілулі тұрған Димаш атаның үлкен портреті біз үшін ең құнды дүние. Бұл кім деп әдейі сұрағандарға Димаш ата бүкіл қазақтың атасы, менің атам дейді екем кішкентай кезімде.

Бұлақтың бастауындай ізгі тілектің таусылмайтын қайнар көзіндей Димаш ата зейнеткерлікке шыққан соң ауылға ат ізін салғанда біріншілердің бірі болып менің Аманкелді атам мен апам күтіп Димаш атаның батасын алған екен.

Сол атамның шаңырағында дастархан басында айтылған зерделі сөздер мен әдемі әңгімелері туралы атам көп айтатын.

Димаш ата әр келгенінде құр қол келмей базарлық әкеледі екен. 1990 жылы күз айында келгенінде атама шапан жауыпты және балаларға 1 шкатулка (сандықша) толы конфет алып келіпті. Екінші жолы келгенде тамаша ақ дастархан мен 1 комплекті хрусталь бокалдар алып келіпті. Міне осы дүниелердің бәрін және ата дәм татқан кеселер мен қасықтарды және бетін сүрткен сүлгіні апам көзінің қарашығындай сандықта сақтап отыр. Осындай ұлы адам туралы атам мен апам айтар естеліктер көп.

Сол үшін де 1996 жылы мен туғанда атам атымды Дінмұхамед деп қойыпты. Атам айтатын балам сенің атың ұлы адамның аты, байқа атыңа лайық бол дейтін.

Мен қазір 9 сыныпта оқу озатымын, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар алдым. Үлкен болғанда да ата аманатына кір келтірмеуге уәде етемін.

Аманкелді Дінмұхамед Бүркіт ұлы

Бақанас ауылы, 2012 жыл